Димаш асыраушысы шахтада қайтыс болған 20 отбасыға көмек берді

ЖАҢАЛЫҚТАР
2160

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шахтадағы апаттан қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударған.
Бұл жайында ақын, Димаштың ата-анасының жақын досы Бауыржан Бабажанұлы facebook парақшасында жазды.

Аталған жазбада:

«Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың қайғысы әлі ұмытылған жоқ. Мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де олардың отбасына қол ұшын созып жатыр. Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де бұл сауапты істен сырт қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға кеше 1 миллион теңгеден аударды. Осы хабарды кездейсоқ естіп қалып, Қанатқа хабарласып ем, растады. Жалпы Айтбаевтар отбасы бергенін жариялай бермейді. Димаш атқа мінгелі ғана емес, бұрыннан солай. Бірақ мына хабарды ел білуі керек қой. Димаштың бұл ісін басқа да өнер иелері жалғастырып әкетсе, кәнеки! Осы мақсатпен жариялап отырмын», – деген.

Мәдениет порталы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...