«Ғарышкер деп ат қойдым»: Димаш Тоқаевтан алған ерекше сыйлығын көрсетті

әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
130

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіне тазы сыйлағанын айтты. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Димаш жариялаған суретінде Президенттің Нэнси және Наурыз атты тазыларымен бірге тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы сыйлаған тазыға қандай ат қойғанын да айтты.

«Мына суретте менің қасымда Мемлекет басшысының Нэнси және Наурыз атты тазылары тұр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы маған тазы сыйлаған болатын. Мен оған Ғарышкер деп ат қойдым», – деп жазды Димаш Құдайберген.

Әнші осылайша Президенттен алған ерекше сыйлығы туралы көпшілікке бөлісті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астананың Нұра ауданында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда бесінші баласын дүниеге әкелген әйел сәбиімен бірге перзентханадан шыға алмай отыр. Отбасын...