Маңғыстау облысының тұрғыны қаңғыбас мысық тістеп алғаннан кейін құтыру ауруынан көз жұмды, деп хаба...
Бүгін қай өңірде көктайғақ болып, дүлей дамуыл соғады?
Фото: freepik.com
Синоптиктер 16 наурыз, дүйсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын ескертті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қазгидромет РМК мәліметінше, 16 наурызда Астана қаласында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Сондай-ақ Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында да тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетуі мүмкін.
Қызылорда облысының солтүстік бөлігінде тұман болады деп болжанып отыр. Солтүстік-шығыс және шығыс бағыттағы жел күндіз облыстың орталығы мен шығысында 15–20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Қостанай облысы аумағында да тұман түсу ықтималдығы жоғары.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман күтіледі. Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қар жауып, жаяу боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең өңірдің солтүстік және шығыс бөліктерін тұман басуы ықтимал.
Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталық бөлігінде түнгі және таңғы уақытта қар жауып, боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман күтіледі. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде де тұман болады. Ақмола облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ пайда болуы мүмкін.
Маңғыстау облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталық бөлігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Ал облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында тұман болуы мүмкін.
Түркістан облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында, сондай-ақ Шымкент қаласында тұман күтіледі. Түнде және таңертең Атырау облысының шығысында тұман түсуі мүмкін.