Маңғыстау облысында салмағы 5,7 келіден асатын ұл бала дүниеге келді

Фото: ИИ/Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
953

Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді. Оңың салмағы 5,7 келіден асады. Қазір анасы мен ұлының жағдайы жақсы, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Нәресте отбасындағы екінші бала, бірінші сәбиін 2022 жылы 4 320 грамм салмақпен босанған. Анасында гестациялық қант диабеті болған. Қазіргі таңда анасы мен баласының жағдайлары қанағаттанарлық, тұрақты. Дәрігерлердің жіті бақылауында.

"Ата-аналар алып бала туылса, "батыр бала дүниеге келді" деп қуанып жатады. Алайда, көпшілігіміз сәбидің ауыр салмағы ананың да, баланың да денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін біле бермейміз. Шындығында, "алып бала" қуанышының артында не тұр?! Ең алдымен, нәрестенің үлкен салмағы (макросомия) анасы үшін өте қауіпті. Өйткені, табиғи босану кезінде қынаптың, жыныс мүшелері етінің, жұмсақ ткандерінің жыртылуы орын алып, жатыр атониясынан босанғаннан кейінгі қан кету қаупі тууы мүмкін", – деп жазды облыстық перинаталдық орталық. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Байқоңыр ауданының аумағындағы Алаш тас жолы бойындағы мекенжайда қоқыс өртенген, деп хабар...

PESTEL

Иранға қарсы әскери операциядан кейін Израиль жаһандық қауіпсіздік шараларын күшейтуде, деп хабарлай...