“Бүкіл әлем құтқаратындай қауіп төніп тұрған жоқ”. Заңгер Ләззат Ахатова Асхат Садырбайға қатысты дауға пікір білдірді

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1029

Заңгер Асхат Садырбайдың бұрыңғы әйеліне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ләззат Ахатова әлеуметтік желіде Асхат Садырбайға қатысты даулы мәселеге қатысты тағы да пікір білдірді. Оның айтуынша журналистің баласы анасымен қалатын болса да, нағашы ата-әжесімен тұрып жатыр екен. Заң бойынша Асхат мырза баланы тартып алуына болса да, ондай әрекетке бармаған екен. 

"Сот шешімімен бала анасында қалған. Ал дәл қазіргі уақытта  балаға сонша таласқан әйел Алматыда баладан бөлек тұрады екен. Ұлы - нағашы ата-әжесінде. Заң бойынша бала ата-ананың бірімен тұру керек. 3-тарапқа қалдырып кету - заңсыздыққа жатады. Дәл осы жағдайда әкесі баланы тартып алуға да құқығы бар. Алайда әкесі тарапынан ондай әрекет жасалып жатқан жоқ", - деп жазған заңгер. 

Ләззат Ахатова желідегі кез-келген қауөсетке сеніп, әртүрлі әңгіме таратпау керегін және жылап халықтың алдына шыққанның бәрі "құрбан" емес деп қорытындылаған. 

“Жылтырағанның бәрі алтын емес”.. Сол сияқты жылап, сұқбат бергеннің бәрі - “құрбан” емес..Бастысы-бүкіл “әлем” құтқаратындай, ешкімнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қауіп төнсе, видеофиксация жасасын, сөздерін дәлелмен негіздесін. “Қырық жыл” бұрынғы үйіне орнатылған камера - адам өміріне төнген қауіпке жатпайды. Екі бөлек кеткендеріне 5 жыл болған. Қазір қандай қауіп төніп тұр, әйелге? Көшеден ұстап алып, тыныштық бермей, таяқтап, ұрып-соғып жатса, ешкім үнсіз отырмайды. Ондай жағдай болса, ең бірінші әйелді қорғап, мен шығар едім", - дейді Ләззат Ахатова. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызғалдақ жұлған қазақстандықтар айыппұл арқалауы мүмкін, деп хабарлайды Madeniportal.kz. Экология...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда пойыз қаққан адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Madeniportal.kz Azattyq R&yacu...