Павлодар облысындағы ауыл интернатының жас педагогтері спорттық туризм мен велопрокат ұйымдастырды....
Дастан Оразбеков Мейрамбек Беспаевтың әншілік қабілеті туралы пікір айтты
Коллаж: әлеуметтік желі
Танымал әнші Дастан Оразбеков өнердегі ағасы Мейрамбек Беспаевтың шығармашылығы мен вокалдық ерекшелігіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесі сұхбат барысында Мейрамбек Беспаевтың басты артықшылығы арнайы вокалдық техникасында емес, өзіне ғана тән дауысында екенін атап өтті.
«Мейрамбек Беспаев – ағам. Оның алып бара жатқан вокалдық техникасы жоқ. Бірақ адамның бойында әншілік қабілет болса, неге оны дамытпасқа? Менен де техникасы жоғары әншілер бар. Дегенмен кей әншінің өзіне тән үні болады. Мейрамбек ағаның қаруы – оның дауысы. Ол қоңыр үнді әнші», – деді Дастан Оразбеков.
Әншінің бұл сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейбір қолданушылар Дастанның пікірін сынға алса, енді бірі оның сөзін қолдап, Мейрамбек Беспаевтың даралығы табиғи даусында екенін жазды.