Пандемия кезінде мемлекеттік қызметтер қалай көрсетілді

Жаңалықтар
1569

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурызда төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Сол себепті орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінің басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуге көшіріліп, ел тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтер алу барысында қиындықтар туындаған болатын. Дегенмен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қабылдаған нақты іс-шаралардың арқасында мемқызметшілердің қашықтан жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалып, азаматтар да өздеріне қажетті қызметті ала алды.

Интернетпен қамту

Бүгінде Қазақстанның телекоммуникация саласын дамытудағы басым міндеттердің бірі ел тұрғындарын кеңжолақты Интернет қызметімен қамту болып отыр. Қазіргі уақытта елімізде кеңжолақты Интернет қызметі 88 қала мен 30 қала маңыздағы елді мекенде, сонымен қатар 5 214 ауылда қолжетімді. Бұл бағытта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде де маңызды екі жобаны жүзеге асырғанын атап өткен жөн. Оның бірі - талшықты-опиткалық желі арқылы кеңжолақты Интернетпен қамту жобасы. 2018-2020 жылдары аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы елді мекендерді кеңжолақты Интернетпен барынша қамту үшін талшықты-оптикалық желі салу жобасы жүзеге асырылып, нәтижесінде 3 718 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекемелер орналасқан 1 257 елді мекен жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтылды. Екінші жоба – елді мекендерді кеңжолақты мобильді Интернетпен қамту. 2020 жылы елді мекендерде 3G/4G арқылы мобильді байланыс және радиотехнология желісін салуды қамтамасыз ету мақсатында Цифрлық даму министрлігі мен ұялы байланыс операторлары арасында меморандумға қол қойылып, тұрғындар саны 250-ден асатын ауыл кеңжолақты Интернетпен қамтамасыз етілді. Жоғарыда аталған екі жобаны сәтті жүзеге асырудың арқасында өткен жылы Қазақстан халқының 99 пайызы кеңжолақты Интернет қызметін пайдалана бастады. 

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 жаңа коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты елімізде наурыз айының 16-сі күні төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Дәл осы уақытта Цифрлық даму министрлігі мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтан жұмыс істеу режимін алғаш рет ұйымдастырды. «Қашықтан жұмыс істеу орны» атты ілкі жобаны іске қосты. Осы жоба аясында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 5,7 мың мемлекеттік қызметші 21 ақпараттық жүйе мен 23 мемлекеттік органның бұлтты құжат айналымына қол жеткізіп, қашықтан жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта министрлік орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлерін отандық мамандар әзірлеген «Certex VPN» бағдарламалық-аппараттық кешен арқылы қашықтан жұмыс орнына қосуға бағытталған іс-шараларды жүргізіп жатыр. Аталған кешен Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электронды өнеркәсіп өнімі тізіліміне тіркелген. 

Пандемия кезіндегі ХҚКО жұмысы 

Коронавирус пандемиясына және елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты 2020 жылдың 26 мамырынан Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын тоқтатып, тек 4 мамырдан бастап қана біртіндеп жандандыра бастаған болатын. 

Қатаң карантин жағдайында ХҚКО-лардың ең тәжірибелі әрі дайындықтан өткен 1800-ден астам маманы 1414 байланыс орталығы кеңесшілерімен бірге онлайн форматта мемлекеттік қызметтер алу кезінде азаматтарға көмек көрсетіп отырды. Бұған қоса, ХҚКО-ларға 21 наурызға дейін құжаттарын өткізіп қойған азаматтар үшін дайын құжаттарды беруге арналған «бір терезе» жұмыс істеді. Көлігін қайта тіркеген немесе жүргізуші куәлігін ауыстырған азаматтар дайын құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірлерін Арнаулы ХҚКО-ларда ашылған «бір терезеден» ала алды.

Айта кетерлігі, елімізде дайын құжаттарды беру жұмысына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 800-ден астам маманы жұмылдырылды. Бұған қоса, мемлекеттік корпорацияның тағы 914 қызметкері үйлерінен онлайн жұмыс істеп, видеоқоңырау арқылы қазақстандықтарды мобильді азаматтар базасына тіркеп, электронды-цифрлық қолтаңба беріп отыр. 

Сондай-ақ, карантин уақытында мемкорпорация қызметкерлері 6,2 млн-нан астам қоңырауға жауап беріп, жеке және заңды тұлғалардың 1,8 млн-нан астам электронды-цифрлық қолтаңбасын нақтылады. 2 миллионнан астам тұрғынды мобильді қазақстан базасында тіркеді. Операторлар 7,1 млн-нан астам видеоқоңырауға жауап берді. Карантин уақытында мемкоропроацияның әлеуметтік блогындағы 3 мыңға жуық қызметкер тәулігіне 14 сағат жұмыс істеді. Соның арқасында 2,2 млн зейнеткер зейнетақыларын дер уақытында алып, әлеуметтік төлемнің 43 түрі кешіктірілмей алушыларға аударылды. Ал табысынан айырылғандарға 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақы да уақтылы беріліп тұрды.

Мемлекеттік қызмет көрсету 

Пандемия кезінде қағаз құжат мемлекеттік органдардағы корнонавирус инфекциясы таралуының әлеуетті көзі болғандықтан 22 орталық мемлекеттік орган, 40 комитет, Ұлттық статистика бюросы, Президент Іс басқармасының 2 ведомствосы және мемлекеттік органдардың 176 аумақтық бөлімшесі шұғыл түрде бұлтты құжат айналымына көшірілді. Орталық және мемлекеттік органдар үшін 2 300-ден астам видеоконференция мен онлайн-трансляция өткізілді. 

Egov порталында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру 90 пайызға жеткізіліп, 41,2 млн-нан астам электронды қызмет көрсетілді. Ал Egov mobile қосымшасы арқылы көрсетілген қызмет саны 8,4 млн-нан асып түсті. Жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алу сынды әлеуметтік маңызы бар қызметтер онлайн форматқа ауыстырылды. 32 мемлекеттік қызметті алу барысында азаматтардан мекенжай анықтамасын талап ету жойылды. Коронавирус таралуын бақылау, вирус жұқтыру тәуекелі жайлы хабарландыру жүйесін қолдану арқылы инфекция ошақтарын жер уақытында оқшаулау мақсатында Saqbol мобильді қосымшасы әзірленді.

Марлан Жиембай
inform.kz

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...