Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арас...
Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт туралы жаға ұстатар ақпарат
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
Алматыда бес адамның өмірін жалмаған алапат өртке қатысты үй иесі өз болжамын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Үй иесі Қуаныш Кеңестің айтуынша, қайғылы оқиғаға осыдан үш ай бұрын баспанадан шығарылған әйелдің қатысы болуы мүмкін.
Ол бұрынғы тұрғынның үйге қайта келіп, қасақана өрт қойғанын және сыртқа шығатын есікті жауып кеткенін болжайды.
Үй иесі өз сөзін растайтын бейнежазбалар мен куәгерлер бар екенін де мәлімдеді. Алайда бұл болжамды құқық қорғау органдары әзірге ресми растаған жоқ.
Еске салайық, 26 қарашаға қараған түні Алматыда бөлмелері жалға берілген жеке тұрғын үй өртеніп, бес адам көз жұмған еді. Марқұмдардың арасында бала да бар.
Қазір қылмыстық іс аясында өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.