ДДСҰ коронавирусқа қарсы вакцина сынамадан өткізіле бастағанын хабарлады

ЖАҢАЛЫҚТАР
3053

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцина сынамадан өте бастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Известия"

"Вакцинаның алғашқы сынамасы вирустың генетикалық жүйелілігі пайда болғаннан 60 күннен кейін ғана басталды. Біз зерттеушілерге тәжірибеден өткен дәрілерге жүйелі түрде баға беруді ұсынамыз", - деді ол.

ДДСҰ басшысы әлем вирусты жеңетініне сенетінін айтты. 

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина сынамадан өткізіле бастағаны хабарланған. Бүгінде бірнеше мемлекет вакцина әзірлеумен айналысып жатыр. Мәселен, Италия бір апта бойы жануарларға арналған дәрі-дәрмек сынағын бастауды жоспарлап отыр.

Күні кеше Қытайда коронавирустың емі табылғаны хабарланды. "Фавипиравир" препараты жаңа коронавирус тудыратын пневмонияны емдеуде тиімді болып шықты. Бұл туралы ҚХР Ғылым және техника министрлігі жанындағы биотехнология орталығының басшысы Чжан Синьминь мәлімдеді.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...