Ет бағасы бес апта қатарынан қымбаттауда

Фото: Жасанды интеллект

ЖАҢАЛЫҚТАР
2346

Ет бағасы бес апта қатарынан қымбаттауда, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Data Hub деректеріне сүйенсек, баға әсіресе Өскемен, Көкшетау және Жезқазғанда шарықтап, бір аптада 3,5–4,4 % қымбаттады. 

Ел бойынша әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізіміне кіретін сиыр етінің төс-жауырын бөлігі орташа есеппен 3,9 %-ға қымбаттады.

«Бұл – 2022 жылдың наурыз айынан бергі ең жоғары апталық өсім», – деп атап өтті аналитикалық канал. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаның көтерілуін Тәжікстан мен Өзбекстанға экспорттың артуымен байланыстырады. Сарапшылар теңгенің әлсіреуі мен фермерлердің жем-шөп қоры жеткілікті болғандықтан малды союды кейінге қалдыруымен де түсіндіреді.  

Бұған дейін қазақстандықтардың азық-түлікке жұмсайтын шығынының үштен бірі етке кететіні хабарланған еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...