Биыл күзде Жошы хан туралы деректі-драмалық телехикаяның түсірілімі басталады, деп хабарлайды madeni...
Алматы облысында жол апаты екі адам қайтыс болды
Сурет ашық дереккөзден алынды
801
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты. Көліктердің бірін 13 жастағы бала басқарғаны белгілі болды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Қайғылы оқиға Алматы облысының Жалпақсай ауылында болған. ВАЗ бен Hyundai Grandeur көліктері соқтығысып, 2 адам тіл тартпай кетті. Куәгерлер көлікті 13 жастағы бала басқарғанын айтты.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ВАЗ жүргізушісі қиылысқа шығып, келесі көлікке жол бермеген. Нәтижесінде Hyundai көлігі бағанаға барып соғылған. Жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал көлік тізгіндеді деген жасөспірім жарақат алып, ауруханада жатыр.
Оқиғаның ресми деректері мен себептері анықталуда. Аймақтағы полиция департаменті қазірге бұл жағдай бойынша ақпарат бермеді.