Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға электромобильдерді әкелу тәртіб...
Иранға жасалған зымыран соққысы салдарынан 85 мектеп оқушысы қыз қаза тапты
Минабтағы қираған бастауыш мектеп ғимараты / Иран СІМ басшысы Аббас Арагчидің X-тегі парақшасынан алынған фото
IRNA иран ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған зымыран соққысы салдарынан Минаб қаласында 85 мектеп оқушысы қыз қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Соққы Минабтағы қыздарға арналған бастауыш мектепке тиген. Иран Білім министрлігінің баспасөз хатшысы Әли Фархади 85 оқушы қыздың қаза болғанын, тағы 92 адамның жараланғанын мәлімдеді.
Фархади ауқымды қирауларға байланысты мектеп үйінділерін аршу және қаза тапқандар мен жараланғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи мектеп күндіз, сабақ өтіп жатқан кезде бомбаланғанын хабарлады.
Қызыл Жарты ай деректеріне сүйенсек, 28 ақпандағы шабуыл кезінде Иранда жалпы 201 адам қаза тауып, 747 адам жараланған. АҚШ пен Израильдің шабуылдары Иранның 24 провинциясын қамтыды.