Қазақстан биыл да Жеңіс парадын өткізбейді

Фотосурет: old.aqmeshit-aptalygy.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
3286

Елімізде биыл да Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше 2024 жылдың 7 мен 9 мамырында әскери парад өткізуді жоспарлап отырмағандарын айтты.

Ведомство шеру бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбай отырғанын атап өтті.

«Қазақстанда 2024 жылы әскери парад өткізу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбаған. Басымдықтардың қатарында Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін сақтау бар», – деп нақтылады ҚР Қорғаныс министрлігі.

Айта кету керек, елімізде биыл бесінші рет әскери парад өтпейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...