"Тірі жүргенімізді көре алмайтындар да бар екен": Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай тосын жазба жариялады

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
657

Танымал журналист Нұрсейіт Жылқышыбай желідегі парақшасында жаңа жазбасын жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Журналистің жазуынша, әлеуметтік желіде оған қатысты фейк ақпараттар тарап жатыр екен.

"WhatsApp-ыма осындай скриндер келіп жатыр. TikTok-та біреулер мені "өлтіріп" тастапты. Тіпті жаназа уақытымды да жазып қойған. Тірі жүргенімізді көре алмайтындар да бар екен ғой. Қасиетті Рамазан айында осындай әрекет жасап жатқандардан не күтеміз? Құдайға тапсырдым. Қазақ атам: "Өзгеге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле", – демей ме?" – деп жазды Нұрсейіт Жылқышыбай.

Бұл жазбадан кейін әлеуметтік желіде жүздеген пікір қалдырылды. Қолданушылардың басым бөлігі журналистке жылы лебізін білдіріп, ұзақ ғұмыр тіледі.

"Өміріңіз ұзақ болсын, Нұреке", "Ұзақ жасайды деген сөз", "Алла сақтасын, бауырым. Аман жүр", "Отбасыңа, қазақ еліне керексің", "Мың жаса!" – деп жазды желі қолданушылары. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы шабуыл кезінде жараланған болуы мүмкін, бірақ есін біледі және жасыр...

Шоу-бизнес

Белгілі әнші және актриса Айгүл Иманбаева ұшақ ішінде бортсеріктермен келіспей қалған, деп хабарлады...