Көкшетауда колледж жатақханасында студенттің мәйіті табылды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1477

Көкшетауда колледж жатақханасында студенттің мәйіті табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес,16 жастағы бозбаланың мәйітін кураторы дәретханадан тауып алған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі дереу шақыртылған, алайда дәрігерлер баланы ажалдан арашалап қала алмады.

Ақмола облысының полиция департаменті трагедияға қатысты түсініктеме берді.

«2009 жылы туған кәмелетке толмаған баланың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша оқиға қылмыстық сипатқа ие емес. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді. 

Шоу-бизнес

Қазақстандық актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы, актриса Дариға Бадықоваға арн...

ЖАҢАЛЫҚТАР

25 қазан күні Әміре Қашаубаев атындағыдәстүрлі ән орындаушылардың республикалық байқауына қатысушыла...