Ақтөбе облысында үшем дүниеге келді

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
850

Шалқарда үшем дүниеге келді. Сәбилерге Әдемі, Сұлу және Әміре есімі берілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Шалқар қаласының тұрғындары 27 жастағы Аслан Лайықов пен Ләззат Жоламанованың отбасында үшем – дүниеге келді.

Нәрестерлер анасының жүктілігінің 31-ші аптасында өмір есігін ашты. Жас отбасының бұдан бөлек 5 жасар ұлы, 3 жасар қызы бар.

Нәрестелердің дүниеге келгендегі салмағы — 1600, 1670, 1490 грамм болса, бойлары бірдей, 35 см. Нәрестелер бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келген.

Шақалақтар 1 айдан аса облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдаған. Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...