Құны 50 млн теңге тұратын сәукеле табылды

Фото: instagram.com/aigulyelshibayeva01

ЖАҢАЛЫҚТАР
1586

Белгілі өнер иесі Айгүл Елшібаева халқымыздың мәдени мұрасы саналатын құнды сәукелені көрсетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ El.kz-ке сілтеме жасап. 

Өнер иесі қазіргі таңда Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы мұражайда сақталған сәукелеге байланысты тың деректермен бөлісті.

Бұл сәукеленің бағасы 100 аттың құнымен тең. Қазіргі бағамен шамамен 50 миллион теңге тұрады. Қазақтың байлары дәулетін білдіру үшін қыздарын ұзатқанда арнайы зергерлерге соқтырып, алтын, асыл тастармен көмкеріп жасаған. Бұл сәукелені сыйға тартқан Лайықжан Дербісәліұлы Беркімбаев. Ақтөбе уезінен шыққан Кердері Әбубәкірдің жырларындағы арнауы бар. "Жағалбайлы жиналса, Дербісәліні мақтайды" деп келетін өлең жолдарындағы Жағалбайлы руынан шықққан бай Дербісәлі байдың баласы Лайықжан тапсырған. 
Ол кезде 100 қойы бар адам кедей саналған. Бай деп 1000 қойы мен жылқысы бар адамды айтқан. Санкт-Петербург қаласындағы Кунсткамерада осы сәукеле сақтаулы тұр, - деп жазды Айгүл Елшібаева. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...