Италияның Джемона-дель-Фриули қалашығында ауыр трагедия орын алды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. 3...
Комадан шықты: Экс-депутат қағып кеткен адамның жағдайы туралы жаңа мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желіден
Жамбыл облысында экс-депутаттың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан кейін комада жатқан Нұржігіт есін жиды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы экс-Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, Нұржігіт комадан шығып, әйелі мен балаларын, ата-анасы мен бауырларын таныған.
Базарбек Тараз қаласындағы №1 қалалық көпбейінді аурухана дәрігерлеріне алғыс білдірді. Оның жазуынша, науқасты еліміздің тәжірибелі реаниматологтарының бірі Мусин Ғамзат Афендиевич бастаған анестезиология және реанимация бөлімінің мамандары емдеп жатыр.
«Нұржігіт комадан шықты, оянды. Есін кіргізіп, әйелі мен балаларын, аға-інілерін, туған-туыстарын танып отыр», – деп жазды Базарбек.
Ол сондай-ақ әлеуметтік желілерде науқастың жағдайына қатысты расталмаған немесе бұрмаланған ақпарат таратпауға шақырды.
Нұржігіт 15 тамызда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында болған жол апатынан кейін ауыр халде ауруханаға түскен. Дәрігерлер оған политравма, ауыр бас-ми жарақаты, миынын соғылуы, қабырғаларының бірнеше жерден сынуы, екі жақты гемопневмоторакс, оң аяғы сүйектерінің ашық сынуы және II-III дәрежелі травмалық шок диагноздарын қойған болатын.