Алматыда ерлі-зайыптылар Қарғалы жотасына шығып түсе алмай қалған

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1740

Бүгін Алматы облысы, Жамбыл ауданында ерлі-зайыптылар Қарғалы жотасына шығып, кері түсе алмай қалған, деп хабарлады  madeniportal.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

“Бүгін Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан ерлі-зайыпты таңертең серуендеуге тауға көтеріліп, ер адамның қан қысымы көтеріліп, өздігінен түсе алмай қалған. Әйелі 112 нөміріне қоңырау шалып, ТЖМ құтқарушыларының көмегіне жүгінді. Шақырту түскен бойда Республикалық жедел-құтқару жасағы оқиға орнына жетіп ерлі-зайыптыны тапты. Құтқарушылар ер адамға алғашқы көмек көрсетті. Кейін оларды түсіріп, медициналық қызметкерлерге тапсырды”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Ерлі зайыптылар құтқарушыларға алғыстарын білдіріп, істеріне сәттілік тілеген. Және қолайсыз аптап ыстық ауа-райында тауға дайындықсыз шығып кетпеуді көпшілікке ескертіп отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын бірыңғай талапты бұзған жекеменшік мектеп лицензиясынан айыры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақта электронды темекі шеккен 38 жастағы шетелдік жолаушы жауап...