Петропавлда қыз жүріп бара жатқан көліктен секіріп, басқа көліктің астына түсті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
25

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызды басқа автокөлік қағып кеткен. Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жігіттің 22 жастағы қызды ұрып-соғып, көліктен жолға лақтырып жібергені туралы ақпарат тараған.

Полиция мәліметінше, қыз Семейден танысына қонаққа келген. Екеуі қала ішінде көлікпен келе жатқанда, жігіт оны сүймек болған. Қыз оны итеріп жіберіп, қозғалыстағы көліктен өзі секірген.

Сол сәтте жолға түскен бойжеткенді 69 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан Volkswagen қағып кеткен.

Қыз ауруханаға жеткізілген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген. Полиция оның арыз жазбағанын хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Дегенмен елдегі эпидемиологиялық а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мексикада 18 жастағы қыз аттракционнан құлап мерт болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Қайғылы оқ...