Көмір басып қалған: Шахтадағы жарылыстан кеншілер мерт болды

Фото: Envento

ЖАҢАЛЫҚТАР
1939

Шахтадағы жарылыстан кеншілер көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Пәкістандық Кветтадан 40 шақырым жерде орналасқан Санджи ауданында құлаған көмір шахтасының астынан 12 кеншінің денесін алып шықты.

Бұл туралы The Hindu жергілікті порталы мәлімдеді.

Шахта бастығы Абдул Гани Балуж баспасөз мәслихатында құтқару жұмыстары 60 сағатқа созылғанын айтты. Жарылыстан кейін шахтаның негізгі кіреберісіне көмір үйіліп қалған. Сондықтан құтқару жұмыстары ұзаққа созылыпты.

Шенеуніктің айтуынша, үш кеншінің денесі құтқару операциясының бірінші күні, екіншісі екінші күні, ал қалған сегізі кеше, 13 қаңтар күні ғана табылған.

Осы факті бойынша тергеу жалғасып жатыр.

 

АЙМАҚТАР

17 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Марқакөл ауданының Шанағатты ауылында (бұрынғы Орловк...

Шоу-бизнес

Танымал актер, ақын Рамазан Амантай әлеуметтік желіде күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды&nbsp...