Көпбалалы ананың өтініші: Екібастұзда шығармашылық үйі салынады

ЖАҢАЛЫҚТАР
2615

Мемлекет басшысының  баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Президент тапсырмасы бойынша Екібастұзда балаларға арналған шығармашылық үйі салынатынын хабарлады.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп жазады madeniportal.kz.

“Кеше Президенттің Екібастұз тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғындары атынан көпбалалы ана Аяна Смағұлова балаларға арналған шығармашылық үйін салу туралы өтінішін айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған әлеуметтік нысанды салу жөнінде шешім қабылданды”, деп жазды Руслан Желдібай өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Оның хабарлауынша, нысанды қаржыландыру көзі табылды.

“Шығармашылық үйі демеушілердің есебінен салынады. Облыс әкімдігіне жобаның жүзеге асырылуын қадағалау тапсырылды”, - деді баспасөз хатшысы.

author

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

ҚАЙРАТКЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...