Министр Шыңғыс Әрінов: “Қазақстанда 1 223 елді мекенді су басу қаупі бар”

Фото: Жасанды интеллект

ЖАҢАЛЫҚТАР
742

Сенатта өткен үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су тасқыны қаупі төніп тұрған ауылдар туралы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы депутаттар алдында су тасқынына дайындық барысы туралы баяндады.

"Бүгінде республикада су тасқыны қаупі бар аймақтарда 1223 елді мекен бар. Министрлік үйлестіруші орган ретінде ықтимал су тасқынына инфрақұрылымды дайындау бойынша жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істейді", – деді министр.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар министрі орталық және жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін міндетті атап, маңызды ескерту жасады:

"Республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттар аясында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Айта кету керек, бұл шараларды жүзеге асыру су басу қаупін барынша азайтып, елді мекендерді су басу қаупінен қорғауды қамтамасыз етеді. Су тасқыны аяқталғаннан кейін аймақтарда профилактикалық және инженерлік-техникалық жұмыстар басталды, олардың жергілікті деңгейде орындалу барысы министрліктің бөлімшелерімен үйлестіріледі. "Мемлекеттік аппарат инспекторларының қатысуымен де бірнеше рет тексерулер жүргізілді", – деп түйіндеді спикер.

 

МУЗЫКА

Атақты композитор, РСФСР-дің еңбек сіңірген өнер қайраткері София Губайдулина 93 жасында өмірден өтт...

PESTEL

Кремль АҚШ-тың Украинамен 30 күндік бітімгершілігі еш нәтиже бермейтінін айтты, деп хабарлайды ...