Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектері табылды, де...
"Менің де бос уақытым көп": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желі қолданушысын сотқа берді
коллаж Мadeniportal.kz.
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман желі қолданушыларының хейтерлік әрекеттерін әшкерелегін айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы kursiv.media жазды. Заңгер Дильназ Мұхамедова Instagram-парақшасының stories бөлімінде Айман ханымның заңды өкілі ретінде ар-намысы мен қадір-қасиетін сот тәртібімен қорғауға кіріскенін жазды. Аталған мәлімдемені репост жасаған @t_a_d_d_s_ қосымша бірнеше скриншот та жариялады.
Threads желісінде жұлдыздар туралы өсек-аяң жариялап жүрген Balqadiwaa парақшасының авторынан Айман ханымның жеке парақшасына келген хаттың үзіндісі тарады. Мәліметке сәйкес, сотқа арыз жазылғаннан кейін фейк-парақша авторының жеке басы анықталған. Бұдан соң Айманның direct-іне Алина есімді қолданушы кешірім сұрап жазған.
Хатында ол: «Ассалаумағалейкум, Айман ханым. Мен “Балқадиша” паблигінің иесімін. Тізерлеп тұрып өзіңізден кешірім сұраймын. Сіз туралы жазған нәрсенің бәрін түгел өшірдім. Енді сіз туралы жақ ашпаймын деп сөз беремін. Мұсылман әпкем ретінде кешірім беруіңізді жалынып сұраймын», – деп жазған.
Сондай-ақ Алина өсек форматындағы жазбаларға көшуіне отбасындағы қиын жағдайлар мен парақшаның желіде кең таралуы әсер еткенін айтқан. «Бізді алаяқтар 8 млн теңгеге алдап кетті. Дымсыз қалдық. Әкеміз жоқ, анамыз – жасы келген үлкен кісі, ағам 3-топ мүгедегі. Інім стрестен қатты ауырып қалды. Денесіне жара қаптап кетті, жүре алмай ауырып жатыр. Кешіріңізші. Пабликті агрессиямен жүргізіп, сіздің отбасыңыз жайлы жазып қатты қателестім. Жылап отырмын», – деп жазды ол.
Ал Айман ханым stories бөлімінде бұл жағдайға қатысты пікірін білдіріп: «Кешірім сұрайтындарың бар, фейктен кіріп қатырдым деп ойламаңдар. Менің де бос уақытым көп. Аяныштысыңдар», – деді.