Республиканың ауқымды су тасқыны жағдайына байланысты төтенше жағдай жарияланған өңірлерінде 100 бал...
ШҚО-да құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен 9 жасар баланы аман алып қалды
Фото: ЖИ
10
Оқиға Алтай қаласындағы Курчатов көшесінің маңындағы батпақты аумақта орын алған. 9 жасар бала жұқа мұздың үстімен жүргенде, мұз жарылып суға түсіп кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баланы судан алып шығып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Дәрігерлер оның денесі қатты тоңазығанын анықтап, ауруханаға жеткізді. Қазір баланың жағдайы қалыпты.
ТЖМ ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды және су айдындары маңында ойнауға, жұқа мұзға шығуға болмайтынын үнемі ескертіп отыруды сұрайды.