Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы соққыдан кейін есін жимаған

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
20

Жамбыл облысында 14 жастағы Асылбек соққыдан кейін ес-түссіз жатыр. Туыстарының айтуынша, жасөспірімді қатарластары ұрған. Отбасы тергеудің қалай жүріп жатқанына наразы, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға 31 қазанда болған. Оқушының анасы сол күні кешкі сегіз шамасында бейтаныс нөмірден бірнеше рет қоңырау түскенін айтты. Телефонды көтергенде, қоңырау шалған адам әуелі баласының қайтыс болғанын айтқан. Кейін қыздары не болғанын сұрағанда, Асылбектің есінен танып қалғанын айтып, Аса ауылындағы ауруханаға тез жетуді сұраған.

“Есімді жиып, жанұшыра Асаның ауруханасына бардық”, – дейді оқушының анасы.

Асылбектің әпкесінің айтуынша, ауылда жоғары сынып оқушылары кіші сыныптағы балаларға мал қорасы мен әжетхана тазалатып, түрлі жұмыс істетеді. Тапсырманы орындамағандарды “сход” деп атайтын жиынға шақырып, жазалайтынын айтады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүйсенбі, 23 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Солтүстік Қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы, Шымкент және Павлодарда есірткі тасымалдады деген күдікпен үш адам ұсталды, деп хабарлайды M...