Мешітте баласының еміне деп қайыр сұраған әкенің сөзі жалған болып шықты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
493

Бішкекте мешітке барып, ауыр дертке шалдыққан сәбиіне ем қажет екенін айтып, жамағаттан қаржылай көмек сұраған ер адамға қатысты тексеру аяқталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл жағдай әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін көпшіліктің назарын аударған. Кадрларда ер адамның намаз оқылып жатқан уақытта қолындағы нәрестесімен мешітте жүргені және жұрттан ақша сұрағаны көрінеді. Ол баласының «тамағында тесік барын» айтып, емделуге қомақты қаражат қажет екенін жеткізген.

Ер адамның сөзіне сенген азаматтардың кейбірі оның көрсеткен есепшотына ақша аударған. Алайда кейін әлеуметтік желі қолданушылары күмән келтіріп, оның Орталық Азиядағы бірнеше мешітте осындай әрекет жасауы мүмкін екенін жазған.

Құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп, 1988 жылы туған ер адамның жеке басын анықтады. Уәкілетті мемлекеттік мекеме өкілдерімен бірге оның үйіне барып, отбасының тұрмыс жағдайын және баланың денсаулығын тексерген.

Тексеру қорытындысында сәби сау болып шыққан. Әкесі айтқан аурулар мен баланың «тамағындағы тесік» медициналық тұрғыдан расталмаған. Сондай-ақ отбасы мүшелері баланың ауыр дертке шалдыққаны туралы ақпаратты растамаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...