Жетісайда тоғыз бала тірідей өртеніп кетті

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
593

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында жекеменшік үйде болған өрт кезінде 12 адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады  MadeniPortal.kz .

Түркістан облысы ТЖД мәліметінше, 18 қараша күні таңертең Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы екі қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде, үй толықтай отқа оранғаны анықталған.

«Барлау және өртті сөндіру барысында үй ішінен ес-түссіз жатқан үш адам эвакуацияланып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Сондай-ақ үй ішінен 12 адамның мәйіті табылды, олардың тоғызы – балалар», – делінген хабарламада.

Көршілердің айтуынша, үй иелері алдыңғы күні бір шара өткізіп, қонақтар шақырған.

Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді.

MADENI TV

Қазақстанда жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысында көптеген пікірлер мен ұсыныстар қарастырылды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Атырау облысында төрт адамды өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрс...