Дана Нұржігіт марқұм әкесі туралы сыр шертті

Ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
2958

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт марқұм әкесі туралы айтып берді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Медиа маманының сөзінше, марқұм әкесі мәдениет саласының үздігі болған.

«35 жыл… дәл осы күні Өмірбай әкем дүниеден озды. 39 жаста. Бары-жоғы 39! Дарынды күйші, дирижер, мәдениет саласының дарынды ұйымдастырушысы. Мемлекетшіл адам. Біз үшін ең мейірімді, ең қамқор әке. Шашымды өріп, киімімді үтіктеп, тамағымды әзірлеп мектепке апаратын,жолшыбай кешегі өткен тақырыпты талқылап, миыма құйып беретін ұстаз еді. Домбырасын алып, үйден шығып бара жатқаны әлі көз алдымда. Қаншама келіннің бетін ашып, той басқарып, жұртты ауызына қаратты. Жақсы-жайсаңдармен дос болды. Мәдени кештер ұйымдастырып, Мұхтар Шаханов, Мұзафар Әлімбаев, «Тамашаның», Роза Рымбаеваның концерттерін ауылға қойды. Шопандар слеті, көркем өнерпаздар байқауына тума таланттарды ауылдан іздеп сахнаға шығарды. Менің әкем «Мәдениет Майданының» сарбазы еді. Осыны көріп өскен мен қайда барамын?! Туыңды жықпау-міндетім, Әке! Бір сәт те есімнен шыққан емессің! Мен-осы дүниеде жер басып жүрген Өзіңмін!», – деп жазды Дана Нұржігіт.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Филиппиннің Замбоанга қаласында мектептердің бірінде атыс болып, екі оқушы қаза тапты, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Кенияның Ололокве тауында тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы 7 адам – алты турист пен ұшқыш қаза...