Мұхаметжан Тынышбайұлының «Қазақ халқының тарихы» еңбегі алғаш рет қазақ тіліне аударылды

Сурет автордан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2642

Мұхаметжан Тынышбайұлының 1925 жылы жарық көрген «Материалы к истории киргиз-казахского народа» еңбегі AmalBooks баспасынан алғаш рет қазақ тілінде шықты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Жоба Choco холдингінің  қолдауымен жүзеге асқан. 

Бұл кітап былтыр AmalBooks баспасынан түпнұсқада, яғни орыс тілінде жарық көрген. Бір ғасыр бойы қазақ тіліне аударылмаған кітапты енді өз тілімізде оқи аламыз.

Мұхаметжан Тынышбайұлы (1879-1937) қазақтың көрнекті зиялысы, Түркістан автономиясының бірінші премьер-министрі, зерттеуші-тарихшы. «Қазақ халқының тарихы»  қазақтардың шығу тарихы жан-жақты әрі көркем түрде әңгімелейді. Қазақ халқы деген ұғымды құрайтын түп-тамыр мен тармақтарды, қазақтың ру-тайпаларын тереңінен сипаттайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...