Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: Берік Ағыбаевтың желідегі парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
418

Қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы Мұхтар Шаханов қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ мәлім етті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, 84 жасқа келген қаламгердің денсаулығы сыр беріп, дәрігерлердің бақылауына алынған. Қазіргі таңда ем-дом шаралары жүргізілуде. 

Қор өкілдері мен жақындары халықты ақынның сауығып кетуіне тілекші болып, дұға жасауға шақырды.

Мұхтар Шахановтың шығармашылығы ұлттық рух, тіл, мәдениет және адамгершілік тақырыптарына арналған. Оның өлеңдері мен поэмалары қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. Ең танымал еңбектерінің бірі — «Өркениеттің адасуы» поэмасы. 

Мұхтар Шаханов Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетіне үлкен үлес қосқан, ел ішінде құрметке ие тұлға. 

Шоу-бизнес

Жақын құрбысының анасы өмірден өткенін, сол жерде қызмет етіп, көмектесіп жүргенін әлдеқандай етіп ә...

PESTEL

Ақ үйX әлеуметтік желісінде  АҚШ президенті Дональд Трамптің кезекті медициналық тексеру нәтиже...