Мыңдаған науқастың өмірін сақтаған дәрігер 53 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

Фото: әлеуметтік жел

ЖАҢАЛЫҚТАР
220

Ақтөбеде медицина саласында 40 жылдан астам еңбек еткен бұрынғы бас дәрігер Жәнібек Нұрмағамбетов мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды. Ол 53 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тергеу дерегінше, дәрігер өзі басқарған клиникада көрсетілмеген медициналық қызметтер туралы «DamuMed» жүйесіне жалған мәлімет енгізген. Осылайша, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ақша аудартқан.

Нұрмағамбетов кінәсін мойындап, мемлекетке келтірілген шығынды толық өтеген. Сот оған бес жылға шартты жаза тағайындады.

Дәрігер бұған дейін көз микрохирургиясы орталығын ашып, пандемия кезінде 1400 науқастың ем алуына жағдай жасаған. Сондай-ақ ол «Құрмет» орденімен марапатталған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

18 қазанға қараған түні Ресейдің Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысына дрондар шабуылдағаны...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияда туристік автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам мерт болды. Тағы 19 адам жарақат алғ...