Шымкентте сүйек ер адамның ішегін тесіп жіберген

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1413

Шымкенттік дәрігерлер ішегі бірнеше жерден тесілген азаматты құтқарып қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

38 жастағы науқас ауруханаға ауыр халде жеткізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, асқазаннан өткен шамамен 3 см өткір сүйек ішекті тесіп жіберген. Оған шұғыл ота жасалды.

Хирургтер ішекті тесіп тұрған сүйекті алып, зақымдалған ішек бөліктерін тігіп, қалпына келтірді.

Қазір науқастың жағдайы тұрақты.