Өскемен тұрғындары тас жолды жауып тастады. Бұған не себеп?

Фото: pavlodarnews.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2716

Ахмиров маңайының ондаған тұрғыны Тоғас көшесіне жарық пен бағдаршам орнатуды талап етіп, тас жолды жауып тастады, деп хабарлайды madeniportal.kz orda.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

 Жаппай наразылыққа 19 жастағы жасөспірімнің өліміне әкелген жол апаты себеп болды. Тұрғындар екі сағат бойы жолда көлік қозғалысын жауып тұрды. 

Ғаламторда оқиға орнынан түсірілген видеолар пайда болды. Түсініктемелерде қазақстандықтар жергілікті тұрғындардың талаптарын қолдаған жазбалар жазды. Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты қараңғылық ерте түсіп, жарықсыз көшелермен жүру қауіпті екені айтылуда. Тұрғындар өз мәселесін шешуді талап етіп жатыр.

Қала әкімі Жақсылық Омар халықпен кездесті. Билік алдағы күндері жаңа бағдаршам орнатуға уәде берді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...