Қызылорда облысы Шиелі ауданында үйінен шығып кеткен 16 жастағы қыздың мәйіті су арнасынан табылды,...
Мысықтарды аяусыз лақтырған балалар жұрттың ашуын туғызды
Фото: Pixabay
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде кәмелетке толмаған балалардың кішкентай марғауларды аяусыз лақтырып, қорлаған сәті видеоға түсіп қалған. Желіде тараған кадрлар көпшіліктің наразылығын туғызды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Qumash парақшасына сілтеме жасап.
Оқиға Алматы қаласындағы Daraboz тұрғын үй кешені аумағында болған. Видеода бірнеше баланың дәрменсіз кішкентай марғауларды подъезд ішінде жоғарыға лақтырып, оларға қатыгездік көрсеткені анық көрінеді.
Жануарларды қорғаушылардың айтуынша, оқиғадан кейін марғаулар аман қалған. Қазіргі таңда олар қауіпсіз жерге жеткізіліп, уақытша қарауға алынған. Кейін оларды жаңа иелеріне беру мәселесі қарастырылған.
Аталған жағдайдан кейін қоғам белсенділері бұл әрекетке құқықтық баға беруді талап етуде. Олардың сөзінше, балалардың мұндай қатыгез әрекеті ата-аналардың бақылауы мен тәрбиесіне де байланысты болуы мүмкін.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған жағдайға байланысты тексеру басталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта видеоға түскен балалардың жеке басы және олардың ата-аналары анықталып жатыр.
Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырып, көпшілік кәмелетке толмағандардың қатыгез әрекеттеріне қоғам болып назар аудару қажет екенін айтуда.