Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының 30 жылдығына орай, Нұр...
Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері қайырымдылық ақшасына алынбаған болып шықты
Фото: әлеуметтік желі
119
Бұған дейін желіде Перизат Қайраттың туыстарына Дубайда бірнеше пәтер тиесілі екені туралы ақпарат тараған. Қаржылық мониторинг агенттігі пәтерлер қайырымдылыққа жиналған ақшаға сатып алынған болуы мүмкін деген болжамды тексерген. Алайда бұл ақпарат расталмады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Агенттік мәліметінше, пәтерлер 2011-2019 жылдары, яғни «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры құрылғанға дейін сатып алынған.
Тергеуде Перизат Қайраттың туыстарымен қаржылық есеп айырысу жүргізгені анықталмаған. Олар одан және анасынан бөлек тұрып, кәсіпкерлікпен дербес айналысқан.
Агенттік Перизат Қайраттың қайырымдылыққа жиналған ақшаны көлік пен пәтер сатып алуға, қымбат киім мен саяхат пен ойын-сауыққа жұмсағанын хабарлады.