Ғарышқа ұшқан кезімнен ертеректе Дінмұхаммед Қонаев мені шақырып алып, ғарышқа ұшу туралы ұсыныс айт...
Ер адам әйелін өлтіруге оқталған
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Абай облысында ер адам полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы арыз бергеннен кейін жұбайын өлтіруге оқталғаны үшін сотталған, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі abai.sud.kz сілтеме жасап.
Отбасылық жанжалдан кейін әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы полиция бөліміне арыз берді. Осы жағдайдан кейін айыпталушы әйелін өлтіру туралы қылмыстық ниет пайда болды.
"Алдымен мен сені өлтіремін, сосын өзім өлемін" деген сөздермен жұбайына кеуде мен мойын тұсына пышақпен соққы жасаған. Сотта А. кінәні ішінара мойындағанымен, ол өлім туралы ойламағанын, тек оған дене жарақатын салғысы келгенін айтты. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен, сот - медициналық сараптаманың қорытындыларымен дәлелденді", – делінген ресми сайтта.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот үкімімен ер адам ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бөлігі 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы (кісі өлтіруге оқталу) бабымен 8 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын орташа қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде өтеуге жазаланды.