«Нығматулин Қазақстаннан кетіп қалған»: Бас прокуратура маңызды мәлімдеме жасады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1520

Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 69 жастағы ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланған болатын. Бүгін Бас прокуратура ол қандай іс бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеді, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап.

Дереккөзге сүйенсек, Арғын Нығматулинге қатысты істі Бас прокуратура тергеп жатыр. Және Арғын Нығматулиннен басқа бұл істе тағы бірнеше күдікті бар тәрізді.

«Бас прокуратура Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға күдікті Арғын Ниғматулин мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аясында Арғын Ниғматулин күдікті деп танылды, соттың санкциясымен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргеніне байланысты іздеуге жарияланды», - деп хабарлады прокуратура.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...