Пәкістанда жарылыс болып, 24 адам қаза тапты

Фото: Reuters

ЖАҢАЛЫҚТАР
2495

Пәкістанның Кветта қаласында теміржол вокзалы маңында жарылыс болып, кемінде 24 адам қаза тауып, 40-тан астамы жарақат алды, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс жолаушылар вокзалдың көп жиналатын билет кассасында болған. Бұл оқиға пойыздың келер алдында болып, қаза тапқандар санының артуына ықпал етті.

Қалада төтенше жағдай енгізілді. Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Телеарна мәліметінше, қаза тапқандар саны артуы мүмкін. Жарақат алғандар Кветта қаласының ауруханаларына жеткізілген.

Кветта қаласының комиссары Хамза Шафқат жарылыстың қасақана жасалғанын растады. Оның айтуынша, лаңкес-жанкешті вокзалға багажбен кірген. Комиссар лаңкесті тоқтатудың қиын болғанын айтты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мақсат Толықбай Астана маңындағы Қабанбай батыр кесенесінің қабырғалары тұзданып, көгеріп, төбесінен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Руслан Өтепбайға сұхбат беремейін деп, кейін уәдесін бұзған...