Павлодар облысындағы шахтада 32 жастағы механик қаза тапты

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1939

Павлодар облысында "Майқайың-Алтын" АҚ шахтасында 32 жастағы механик жүк тиегіш көліктің астында қалып, қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Полицияның мәліметінше, оқиға 140 метр тереңдікте болған. Арнайы техниканың жүргізушісі ұсталды.

Әлеуметтік желіде тиеу-жеткізу көлігі шахтадағы жұмысшыны басып өтіп, алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Полициямен кейінірек жағдайды растады. 

Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.

Полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Еңбек инспекторлары да қайғылы оқиғаны растап, кәсіпорында тексеру басталғанын хабарлады. 

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...