Жігіт қызды үйленуге мәжбүрлеп, оған істеген сұмдығы елдің жағасын ұстатты, деп хабарлайды MADENIPOR...
Павлодарда үш жасар қыз тісін емдеткеннен кейін комаға түсті
Фото: freepik
103
Бала үшінші тәулік бойы ес-түссіз жатыр. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға туралы қыздың туысы айтып берді. Оның сөзінше, 21 қазанда бала Лермонтов көшесіндегі стоматологияда тісін емдеткен. Ем кезінде қыздың жағдайы күрт нашарлап, көзі аударылып, тыныс алуы қиындаған.
«Кабинетте шұғыл көмек көрсетуге арналған медициналық қобдиша болмады. Сіңлімнің “103 шақырыңыздар” деп айқайлағанына ешкім мән бермеді. Ол жылап сұрағаннан кейін ғана көрші кабинеттегі медбике жедел жәрдем шақырды», – дейді туысы.
Әйелдің айтуынша, ауруханаға бара жатқан жолда баланың жүрегі тоқтап қалған. Ауруханада жүрегі екінші рет тоқтағанын да жеткізді.