«Атлетико Мадрид» Қазақстан футболын дамытуға атсалыспақ

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
87

Қазақстанда футбол инфрақұрылымын дамыту және жас ойыншыларды даярлау мәселелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Атлетико Мадрид» клубының бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринмен кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Кездесу барысында Алматы облысындағы «Атлетико Мадрид» футбол академиясының болашағына ерекше назар аударылды. Испаниялық клубтың бас директоры академияның инфрақұрылымына оң баға беріп, оның келешекте футболшыларды даярлайтын үздік оқу-жаттығу кешендерінің біріне айналатынына сенім білдірді. 

Мигель Анхель Хиль Марин Қазақстанда футболды қолдауға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтіп, осы бағыттағы бастамалары үшін Президентке ризашылығын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде еліміздің заманауи футбол инфрақұрылымын қалыптастыруға, жаттығу базаларын дамытуға және жас спортшыларды даярлау бағдарламаларына белсенді түрде инвестиция құйып жатқанын айтты.

Бұдан бөлек, Қазақстанда футбол клубтарын жекешелендіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекет басшысы ФИФА-мен бірлесіп, еліміздің барлық өңірінде балаларға арналған 100-ден астам жаңа футбол алаңын салу қолға алынғанын жеткізді.

Әңгімелесу кезінде Испания футболының халықаралық деңгейдегі жетістіктері де сөз болды. Президент испаниялық футбол мектебінің тәжірибесін терең зерделеп, оны қазақстандық дарынды ойыншылардың жаңа буынын тәрбиелеуде пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлетико Мадрид» футбол клубымен қалыптасқан ынтымақтастықты жоғары бағалады. Оның айтуынша, Мигель Анхель Хиль Мариннің Қазақстанға сапары екі тарап арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтып, жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атыраудағы №14 мектепте 21 қазанда алтыншы сынып оқушылары арасында жанжал болған. Алдын ала мәлімет...

Шоу-бизнес

Танымал актер Қайрат Әділгерейдің жұбайы, әнші Бақыт Тұрман отбасылық жауапкершілік, некесіз дүниеге...