Теңіз жағасынан нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Әзірбайжанның Сумгайыт қ...
Павлодардағы жағажайда жасөспірім жоғалып кетті
Ашық дереккөз
Павлодар қаласында 2026 жылғы 16 маусымнан бері жоғалып кеткен 17 жастағы жасөспірімді іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қолда бар мәлімет бойынша, 2008 жылы туған Коновалов Марк Николаевич жоғалған күні достарымен бірге мотоциклмен Золотые пески жағажайына барған. Кейін топ суға түскен.
Еріктілердің айтуынша, жасөспірімнің достарының сөзінше, суда оқыс жағдай орын алып, соның салдарынан ол су астына кетуі мүмкін. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.
Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылған. Оған құтқарушылар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер мен қоғамдық көмекшілер жұмылдырылған. Іздеу жұмыстары жағалаудан да, қайықтар мен арнайы жабдықтарды, соның ішінде эхолокациялық құрылғыларды пайдалану арқылы да жүргізілуде.
Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар мен жасөспірімнің туыстары да қосылған. Олар көрсетілген уақытта жағажай маңында болған азаматтардан қандай да бір ақпарат болса, хабарлауды сұрайды.