Максим Споткай Ресей Федерация Кеңесі Аппаратының басшысымен кездесті

Жаңалықтар
492

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты делегациясының мүшелері Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінде әріптестерімен жұмыс бабындағы кездесу өткізді, деп хабарлайды madeniportal.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парламент Сенаты Аппаратының басшысы Максим Споткай мен Федерация Кеңесі Аппаратының басшысы Геннадий Головтың кездесуі барысында өзара іс-қимылды одан әрі нығайту талқылаудың негізгі тақырыбы болды. Тараптар сондай-ақ ынтымақтастық туралы тиісті меморандумды әзірлеу және оған қол қою мүмкіндігін талқылады. 

Максим Споткай өз сөзінде біздің елдеріміз екі жақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелер бойынша барлық деңгейде өзара тиімді және нәтижелі іс-қимылды өрістетіп келе жатқанын атап өтті.

«Қазақстан мен Ресей басшылары кездесулер мен консультацияларды жүйелі түрде өткізіп келеді. Парламенттер арасында да тиімді жұмыс қатынасы қалыптасты. Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенконың бастамасы бойынша Парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс жүзіндегі шаралар жоспарына қол қойылып, табысты жүзеге асуда. Біздің кездесу, шын мәнінде сол жұмыстың жалғасы», - деді Максим Споткай.

Геннадий Голов өз кезегінде Парламенттер Палаталарының Аппараттары арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Ол  сондай-ақ тәжірибе алмасу жұмысына қарқын беру үшін Аппараттардың тиісті құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің өзара тағылымдамасын ұйымдастыруды ұсынды. 

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар электрондық құжат айналымында, ақпараттық жүйелерде, заңнамалық процесті ұйымдастыруда және Аппарат қызметінің өзге де салаларында жаңа тәсілдерді қолдану мәселелерін талқылады.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...