Перзентханадан шығармай қойған: Атырауда вакцинадан бас тартқан отбасы келеңсіз жағдайға тап болды

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
161

Атырауда бесінші баласын дүниеге әкелген әйел сәбиімен бірге перзентханадан шыға алмай отыр. Отбасының айтуынша, бұған жаңа туған нәрестеге БЦЖ екпесін салдырудан бас тартуы себеп болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz azh.kz-ке сілтеме жасап. 

Босанған әйелдің әпкесі отбасы атынан басылымға хабарласып, дені сау сәбиді тек вакцинадан бас тартқаны үшін перзентханада ұстау заңды ма деген сұрақ қойған.

Оның сөзінше, отбасы бұған дейін де балаларына вакцина салдырудан ресми түрде бас тартқан.

“Алдыңғы төрт балаға да екпе жасатпаған. Жазбаша бас тарту рәсімдеп, кейін перзентханадан қалыпты түрде шыққан. Қазір бесінші балада мәселе туындап отыр. Егер ана мен сәбидің әрі қарай стационарда жатуына медициналық көрсетілім болмаса, оларды шығармауға құқылы ма?” – делінген өтініште.

Мәселеге қатысты Атырау қалалық перзентханасы түсініктеме берген.

Мекеме мәліметінше, егер жаңа туған нәрестеге БЦЖ вакцинасы салынбаса, перзентханадан шығару үшін ата-анасының және сәбимен бірге тұратын барлық адамның туберкулезге тексерілгені туралы алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымынан анықтама қажет.

Бұл талап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығымен бекітілген туберкулездің алдын алу шараларын жүргізу қағидаларында көрсетілген.

Құжаттың 12-тармағына сәйкес, БЦЖ вакцинасы салынбаған жаңа туған нәрестелер ата-анасы мен бірге тұратын барлық адамның туберкулезге тексерілгені туралы анықтама болған жағдайда ғана перзентханадан шығарылады. Яғни перзентхана өкілдері бұл талаптың вакцинадан бас тартқаны үшін емес, сәбидің кейінгі қауіпсіздігіне қатысты санитариялық тәртіпке байланысты екенін түсіндірді. 

Шоу-бизнес

Әнші Сәкен Майғазиев қазақ елінен сүйінші сұрады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. МузАрт тобын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астананың Нұра ауданында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жа...