Ақтөбеде заңсыз ет өнімдерін өңдегендердер анықталды

Фото: Ақтөбе ПД

ЖАҢАЛЫҚТАР
1659

Ақтөбеде ет өнімдерін өңдеу және заңсыз сатумен айналысқан цех анықталды, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Аталған цехта етті рұқсат құжаттарынсыз және ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды бұза отырып өңдеу және сату жүзеге асырылған.

Цехта полиция қызметкерлері бөлінген ет пакеттерін, бірнеше пакет тартылған етті, тұтас ұшаны және ірі қара мал бастарын, ет қалдықтарын және етті кесуге және ұсақтауға арналған жабдықтарды тапты.

«Мұғалжар ауданында 4 жылқы ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктінің шаруашылығында қос ұңғылы аңшылық мылтық, ет кесуге арналған түрлі пышақтар, арқан, таразы, жануардың іш бөліктері тәркіленді.

Барлық факті бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде өзін бірнеше ер адам зорлап, салдарынан жүкті болғанын мәлімдеген Наташа Қалымбето...

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ пен Иран келісімге келді. Келісімге 19 маусымда Швейцарияда қол қойылады. Бұл туралы Пәкістан пр...