Атырауда 10 айлық бала көз жұмды

Фото: Envento

Жаңалықтар
136

Атырауда 10 айлық бала қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ол ауруханаға дене қызуымен барған. Марқұмның анасы дәрәгерлер салғырттық танытқанын айтады. Баланың температурасы 38,9 градусқа дейін көтерілген екен. Алайда дәрігер қызу көтерілуін қалыпты жағдайға балап, облыстық балалар ауруханасына баруға кеңес берді.

Ауруханалар арасында бес сағат жүрген анасы баласынан айрылып қалған. Ал

облыстық денсаулық сақтау басқармасының жағдайды жоққа шығарды.

«Қабылдау бөліміндегі кезекші дәрігер баланы қарап, ауруханаға жатқызуды ұсынды. Алайда баланың анасы бас тартты. Сондай-ақ оған Атырау облыстық балалар ауруханасының хирургынан кеңес алу ұсынылды. Тексеру кезінде балада температураның 39°C дейін көтерілуі, құсу және мазасыздық туралы шағымдар болды. Баланы Атырау облыстық балалар ауруханасында хирург және педиатр қарады. Рентгендік тексеруден кейін ол №2 облыстық ауруханаға қайта жіберілді. Бала сол күні, 6 желтоқсанда сағат 18:10-да ауыр жағдайда қайта қабылданды. Қабылдау бөлімінде оны кезекші реаниматолог дереу тексеріп, алғашқы көмек көрсетіліп, бала тікелей реанимация бөліміне жіберілді. Реанимация бөлімінде баланың жүрегі бірнеше рет тоқтады. Бала 7 желтоқсанда сағат 00:20 - да қайтыс болды», делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Жаңалықтар

Қарағанды облысында еркін жайылымда жүрген 50-ге жуық жылқы суға батып кетті, деп хабарлайды ...

Жаңалықтар

Қазір қазақстандықтар екі түрлі банкте бір уақытта ірі жүлде ұтып алған Санжар есімді өте сәтті жігі...