Түркістанға туристік сапармен АҚШ азаматы Иоаннис Пикалов отбасымен бірге келген. Серуен барысында о...
Полицейдің ұлы университетте атыс ұйымдастырып, адамдарды қырды
Фото: freepik.com
2785
Флорида университетінде ер адам атыс ұйымдастырды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Атыс салдарынан екі адам қаза тапты. Ауруханаға тағы алты адам жеткізілді. Олардың бірі ауыр жағдайда.
Университетті полиция қоршап алды. Округ шерифі Уолтер Макнейлдің айтуынша, күдікті 20 жастағы ер адам. Оның полиция қызметкерінің ұлы екені анықталды. Атыс ұйымдастырушының тірі не өлі екені белгісіз.
Куәгерлердің мәліметінше, ер адам қызғылт сары футболка киген. Ол университетте қарайым студент сияқты жүрген.
Флорида губернаторы Рон Десантис қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты. Сонымен қатар қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданатынын мәлімдеді. Дональд Трамп бұл оқиғаға «қорқынышты жағдай» деп баға берді.