Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV от...
“Пышақпен жүгірді”: Өз әкесі зорлаған қазақ қызы адам шошырлық оқиғасын айтты
Фото: freepik
Әкесінен қорлық көрген қыз қивн тағдврын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Адвокат Ләззат Рақышеваның айтуынша, 23 жастағы бойжеткенде өз әкесі кішкентай кезінен бері зорлап келген екен. Қыздың өзі әкесі пышақпен қорқытатынын айтып, жан сырын ақтарды.
«Бір жолы әкем қатты ұрысқан кезде, оған «кішкентай кезімнен тиісіп келесің, үстіңнен арыз жазамын» дедім. Ол болса пышақ ала жүгірді», - дейді бойжеткен.
Қыздың осы күнге дейін тіс жармай, жағдайын ешкімге айтпаған себебі, анасынан айырылып қалуға қорыққан.
«Мен бәрін айтсам анамды соттауы мүмкін деп ойладым. Ол қайда қараған деп полмция әкетіп қала ма деп қорықтым», - дейді қыз.
Құқық қорғаушы осы жағдайға қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялады.
«23 жастағы қыз туған әкесінің кішкентайынан зорлап келе жатқанын айтып отыр. Осы қыздың педофил әкесін біле тұра неге тергеушілер ісін қысқартып тастады? Бүкіл зорланған балаларға қатысты қысқартылған істерді көтеріңдер, тексеріңдер, сол балалардың айтқанына құлақ асыңдар, сол педофилдер қәзір бостандықта талай баланың өмірін құртып жүр деп талай айттым», делінген жазбада.