1,7 млрд теңге жымқырғаны үшін сотталған экс-ректор босатылды

Фото: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
795

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Дамир Шыныбековке қатысты заңда белгіленген тәртіппен рақымшылық қолданылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Аталған тұлғаға қатысты заңда белгіленген тәртіппен рақымшылық қолданылды, соның нәтижесінде жаза мерзімі қысқартылды», — делінген бейсенбі күнгі хабарламада.

Мерзімді қайта есептеуді ескере отырып, сотталушы сот тағайындаған жазасын толық өтеп шықты және заңды негізде босатылды.

"Қайта есептелген мерзімді ескере отырып, сотталған толық көлемде сот тағайындаған жазасын өтеп, заңды негізде босатылды. Сотталғандарға қатысты материалдарды қарау, мерзімдерді қайта есептеу және шешім қабылдау соттың құзыретіне жатады және міндетті түрде орындалады", – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. 

Заңнама талаптарына сәйкес, сотталушының жеке ісіндегі мәліметтер жария етуге жатпайды.

Еске сала кетейік, Дамир Шыныбековке қатысты үкім Алматыда 2020 жылғы 5 қазанда шығарылған. Сот анықтағандай, Дамир Шыныбеков пен университеттің бұрынғы бас есепшісі Жанайым Спабекова жалған келісімшарттар арқылы 1 млрд 700 млн теңгеден астам қаражатты ұрлаған. Шыныбеков пен Спабекова кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған және мүліктері тәркіленген. Екеуі де 5 жылға білім және ғылым саласында басшылық қызметтерді, сондай-ақ материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылған болатын. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтарды 10 демалыс күні к...

ЖАҢАЛЫҚТАР

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.k...